ШҚО-да спортты дамытуға әркез басымдық берілген

89

Көкбастау ауылында жаңа спорт кешені салынды. 

ШҚО-да спортты дамытуға әркез басымдық берілген Фото: ШҚО әкімдігі

Бүгінде онда 270 ауыл тұрғыны, оның ішінде 70 оқушы спортпен шұғылданып жүр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сондай-ақ Үлкен Нарын ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жалғасуда. Еске сала кетейік, нысан 2021 жылы салынып басталған. Алайда 2022 жылы мердігердің келісімшарт талаптарын орындамауына және сот процесіне байланысты жұмыс тоқтап қалды. 
Бүгінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының 35 пайызы орындалған.

Құрылысты аяқтау мақсатында биыл қыркүйек айында ШҚО Құрылыс басқармасы мен "Элхон" ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қазір металл конструкцияларды қалпына келтіру жүргізілуде. Нысанды келесі жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы мен Үлкен Нарын ауданының әкіміне дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын сапалы аяқтауды қамтамасыз етуді тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу