ШҚО-да студенттер жатақханасына тек екпе алғандар ғана қабылданады

788

Студенттер жатақханаға Ashyq-пен кіреді.

ШҚО-да студенттер жатақханасына тек екпе алғандар ғана қабылданады

ШҚО-да жатақханада тұруға тек коронавирусқа қарсы екпе алған студенттерге рұқсат беріледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыстық білім басқармасы мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, жатақханада 18 жасқа толмаған, вакцина алуға қарсы көрсетілімі бар және соңғы 3 айда ауырып, коронавирустан айыққан студенттер де тұра алады. Жатақханада тұрғысы келетін қалған студенттер екпе алуы керек.

Барлық жатақханада санитарлық нормалар сақталуы шарт. Студенттер ғимаратқа Ashyq арқылы кіре алады. 

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың айтуынша, өңірде күніне 11 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе алып жатыр. Бұл Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіш болып саналады.

Аймақ басшысы бір аптадан соң көрсеткішті 12 мыңға жеткізуге тапсырма берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу