ШҚО-да су басу қаупі бар елді мекендерге 188 рет рейд жүргізілген

563

Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны қаупі бар кезеңге белсенді дайындық жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ШҚО-да су басу қаупі бар елді мекендерге 188 рет рейд жүргізілген Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі

Бүгінде күн күрт жылып, қар қарқынды ери бастаған. Өңірдегі азаматтық қорғау қызметтері жоғары әзірлік режимінде жұмыс істеуде. 

"Облысқа Семей қаласындағы ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімінен қосымша 50 әскери келді. Олар су басу қаупін бақылауға және тасқын болған жағдайда шұғыл ден қою үшін Алтай және Күршім аудандарына жіберілді. Себебі онда ең көп қар қоры тіркелген. Атап айтқанда, Алтай ауданында қар жамылғысының биіктігі - 126 см, таулы жерлерде - 138 см болса, Күршім ауданында - 100 см", - делінген ШҚО ТЖД таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта жағдай тұрақты. Құтқарушылар су тасқыны қаупі бар елді мекендерге барлығы 188 рейд жүргізген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу