Өңірде тәулік бойы 12 апаттық бригада жұмыс істейді. 103 техника жасақталған. Олар облыстағы 3415 шақырымға жуық республикалық маңызы бар жол мен 242 көпірдің жағдайын барлап жатыр.
Өткен жылы Бұқтырма су қоймасы арнасынан асып, халықты әбігерге салған болатын. Қалпына келтірілген аймақ биыл да мамандар назарында. Кезекші бригадалар өткен жылғы олқылықты қайталамаудың амалын жасап жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу