ШҚО-да су тасқынының екінші толқыны күтілуде

273

Қазіргі уақытта облыста су тасқынының бірінші толқыны аяқталуда. Дегенмен екінші толқынның келуі күтілуде.    

ШҚО-да су тасқынының екінші толқыны күтілуде Фото: ҚР ТЖМ

ШҚО ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының аға инженері Аяулым Кәкішева 12 сәуірде ОКҚ брифингінде ШҚО-да сәуір айының ортасында су тасқынының екінші толқыны күтілетінін мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Алайда, өңірдің таулы аумақтарындағы қар жамылғысының және ылғал қорының биіктігін, ауа температурасының жоғарлауы, оның ішінде түнгі уақытта және жауын-шашынның болуы мүмкіндігін ескере отырып, сәуір айының ортасына қарай екінші су тасқыны толқыны және таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтілуде.",- деді спикер.

Сонымен қатар, ол бүгінде қар жамылғысының ауданы 53% екенін атап өтті.

"Көптеген аудандарда қар қоры және ондағы судың мөлшері нормадан 1,5-2 есе жоғары. Су тасқыны жағдайын бақылау үшін тұрақты түрде аэровизуалдық тексерулер жүргізіледі. Барлық гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бөгеттерде судың деңгейі алдын ала төмендетілген. Еріген сулардың және өзендерде мұз кептелістерінің өтуіне мониторинг күшейтілді. Су тасқыны учаскелерін барлап қарау жалғасуда", - деп толықтырды Аяулым Кекиева.

Оның айтуынша, ШҚО-да гидротехникалық құрылыстардың барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Айта кетейік, елді мекендерді су басудан қорғау үшін су ресурстары және ирригация министрлігі 20 су қоймасын салу жұмыстарын бастады. 11 облыста жаңа су қоймалары пайда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу