Су құбырлары 209 елді мекенде орнатылып, 240 мың адам ауызсумен қамтылды.
- Қолға алынған сумен қамту және су бұру бойынша 41 жоба осы жылдың соңына дейін аяқталатын болады. Бұдан басқа 51 блок-модульді станция орнатылды, бұл 21 мың адамды сапалы ауызсумен қамтуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті облыс әкімі.
Жалпы, соңғы 5 жылда ауылдарды сумен қамту пайызы 24,4 пунктке өсті. Ағымдағы жылы облыс халқының 92,3%-ы ауызсумен қамтамасыз етілді, оның ішінде 82%-ы ауыл тұрғындары.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        