Елімізде өткен тәулікте 442 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды, деп хабарлады шұғыл штаб. Ең көп жағдай ШҚО-да, яғни 245 адам тіркеліп отыр. Ал одан кейінгі орында – СҚО, өңірде бір тәулікте 35 адамнан вирус анықталып отыр.
Ал Нұр-Сұлтан қаласында – 28, Алматы қаласында – 21, Ақмола облысында – 27, Ақтөбе облысында – 4, Алматы облысында – 2, Атырау облысында – 3, Жамбыл облысында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 13, Қарағанды облысында – 16, Қостанай облысында – 13, Маңғыстау облысында – 2, Павлодар облысында 30 адам тіркелді.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны осы уақытқа дейін 112860-ге жетті. Бүгінге дейін олардың 106 514-і жазылып шыққан.