ШҚО-да тағы бір су электр станциясы салынады

1521

Су электр станциясының қуаты – 29,4 МВт.  

ШҚО-да тағы бір су электр станциясы салынады

Шығыс Қазақстан облысында "Тұрғысын" су электр станциясы сынақтан сәтті өтсе, тағы бір станция салынады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, "Тұрғысын" су электр станциясын сынақтан өткізу 72 сағатқа созылады. 

Сынақ сәтті аяқталса, Тұрғысын каскады мен Бұқтырма өзенінде тағы бір су электр станциясын салу жоспарда бар.

ШҚО-дағы көптеген өзенде шағын су электр станциясын салуға болады. 

"Шағын су электр станциясы жобаларына шетелдік және отандық инвесторлар тарапынан қызығушылық бар. Тариф неғұрлым жоғары болса, соғұрлым бұл бағытқа қызығушылық артады. "Тұрғысын-1" су электр станциясы іске қосылғаннан соң тағы біреуінің құрылысы басталады", - деп жазылған хабарламада.

Су электр станциясы құрылысының басшысы Қалаубек Баймұханбетов айтуынша, Тұрғысын өзенінің суы мол және онда судың мол қорын жинауға болады.

"Су электр станциясы берік болуы керек. Бұл – өте маңызды. Сондықтан "Тұрғысын" станциясының 50 градустық аязға төзімділігі мен мол суды ұстап тұру мүмкіндігі тексерілді. Шағын су электр станциясы 50 жылдан аса уақыт жұмыс істей алады", - деді басшы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу