ШҚО-да тағы екі шағын ГЭС салынбақ

619

Екі жыл бұрын облыс әкімі Даниал Ахметовтің ұлы Талғат Ахметовтің "Тұрғысын-1" ГЭС-і пайдалануға берілген еді. 

ШҚО-да тағы екі шағын ГЭС салынбақ Фото: kapital.kz

Шығыс Қазақстанда бес су электр станциясы жаңартылатын энергия көздеріне жатады. Олар: Тишин, Хайрузов, Үлбі, Зайсан және Тұрғысын-1. Бұлардың ішінде соңғы аталғаны 2021 жылы қолданысқа енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының ақпараты бойынша, алдағы жылдары екі шағын ГЭС салу жоспарда бар.

Біріншісі "Тұрғысын-2" деп аталмақ. Ол Алтай ауданындағы Тұрғысын өзені бойында салынады деп жоспарланған. Қуатттылығы жылына 43,8 МВт болатын шағын станция. Объекті 2027 жылдан кейін іске қосылмақ.

"Осы жобаны іске асыру мақсатында "Тұрғұсын-2" ЖШС техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеп жатыр, "KEGOC" АҚ-ның келісімін алу үшін қуат беру схемасы жолданған", деп жазылған облыс әкімдігінің ақпаратында.

Сондай-ақ Энергетика министрлігінің 2021 жылғы қарашада өткізген аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша, Катонқарағай ауданында қуаты 1,4 МВт болатын шағын ГЭС салу жоспарлануда. Аукцион жеңімпазы "Еуропа Солар" ЖШС. Қазір жер учаскесін ресімдеу жұмыстары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу