Оқиға орнына ШҚО ТЖД өрт сөндіру есептері дереу жіберілді.
Өрт сөндірушілер алтыншы қабаттағы пәтерден шыққан түтінді анықтады. Барлау жүргізгеннен кейін жиһаздар мен заттардың жанып жатканы анықталды.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан барлығы 35 адам және 10 техника жұмылдырылды. Өрттің алдын - ала себебі бойынша электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, атап айтқанда көкөністер мен жемістерге арналған электр кептіргіш болуы мүмкін деген болжам қарастырылады .
ШҚО ТЖД электр жабдықтары мен электр құралдарын пайдалану кезіндегі ережелерді еске салады:
- кез-келген электр құрылғысын қолданар алдында нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыздар;
- есіңізде болсын, егер сіз компьютерді, жылытқышты, шаңсорғышты бір розеткаға бірден қоссаңыздар, онда жүктеме желі үшін ауыр болуы мүмкін. Бұл әсіресе ескі сымдары бар ескі үйлерге қатысты;
- электр желісін шамадан тыс жүктемеңіздер;
- үйден шыққан кезде әрқашан электр құрылғыларын розеткалардан өшіріңіздер.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу