ШҚО-да тасқыннан зардап шеккендер баспаналы болды

754

"Нұр Отан" партиясы об­лыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов Шемонаиха ауданына барып, 12 отбасыға баспана кілтін тапсырды. 

ШҚО-да тасқыннан зардап шеккендер баспаналы болды

ШҚО-да тасқыннан зардап шеккендер баспаналы болып жатыр. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.

Арнайы құрылған комиссия 152 үйдің 13-ін тұруға жарамсыз деп таныған болатын. Қазіргі уақытта ауданда тұруға жа­рамды 134 үйге жөндеу жұмыстары жүр­гізіліп жатыр. Ал баспанасы жарамсыз деп танылған үй иелеріне облыс бас­шылығы жаңадан үй сатып алып бере­міз деп уәде берген еді. 

Жақында "Нұр Отан" партиясы об­лыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов Шемонаиха ауданына арнайы барып, 12 отбасына баспана кілтін тапсырды.

Партия филиалының баспасөз қыз­метінің хабарлауынша, бұл күні Шемо­на­иха тұрғындарына тек пәтер кілтін ғана емес, Астанадан арнайы келген "Мем­ле­кеттік қызмет көрсету сала­сын­да­ғы қыз­мет­­керлердің жергілікті кәсіптік ода­ғы" қо­ғамдық бірлестігінің төрағасы бір­неше тұрмыстық техниканы тарту етті. Олар өздерімен бірге 18 тоңазытқыш, 7 кір жуатын машина, 8 теледидар алып келді.

"Ауданда жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Тамыздың аяғына дейін 126 үйдегі жөндеу толық аяқталады. Жұмыс барысы толық бақылауда. Аудандық әкімдіктің алдына қойылған міндет бар. Сондықтан тасқыннан зардап шеккен халықты қалыпты тіршілігіне оралту күн тәртібіндегі басты мәселе", - дейді "Нұр Отан" партиясының облыстық фили­алы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу