Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірінде көлік қозғалысы шектелді

500

Велоспорттан ерлер арасында өтіп жатқан республикалық жарысқа байланысты өңірдегі тасжолдардың бірінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстан облысындағы тасжолдардың бірінде көлік қозғалысы шектелді Фото: inbusiness.kz

"28 мамырда облыстық маңызы бар "Өскемен-Самар" тасжолы бойында автокөліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Жүргізушілерді жолға шығар алдында осыны ескеріп, бағытын алдын ала белгілеп алуын сұраймыз", - делінген ақпаратта.

Айта кетейік, 26 мамырдан бастап Шығыс Қазақстанда велоспорттан ерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр.

Дода 30 мамырға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу