ШҚО-да тегін тамақ алуға барған әйел мешітте ұрлық жасаған

111

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.  

ШҚО-да тегін тамақ алуға барған әйел мешітте ұрлық жасаған Фото: polisia.kz

Күдіктінің басқа бір мешітте осындай қылмысқа қатысы бар екені анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полицияға облыс орталығындағы мешіттердің бірінен 400 мың теңге тұратын Asus ноутбугінің жоғалғаны туралы арыз түскен. Жедел-іздестіру шаралары барысында тұрғылықты жері жоқ 37 жастағы әйел ұсталды.

Барлық жағдайда күдікті бір тәсілмен әрекет еткен.

– Ол тегін тамақ алу сылтауымен мешітке кіріп, қызметтік бөлмелерді аралап, ұрлық жасаған. Кейіннен ноутбуктердің бірін сатып, түскен қаражатты жеке қажеттілігіне жұмсаған, – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу