ШҚО-да темекі бұйымдарын сату бойынша заңсыз кәсіпкерліктің жолы кесілді

693

Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

ШҚО-да  темекі бұйымдарын сату бойынша заңсыз кәсіпкерліктің жолы кесілді

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлерімен Семей қаласында жедел-тергеу шараларын жүргізу барысында акциздік жапсырмасыз және оларды сатып алу фактісін растайтын ілеспе құжаттарсыз темекі бұйымдары анықталды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Қойманы тексеру барысында жалпы сомасы 64,9 млн.теңге болатын "Zumerret", "Marble", "Captain Black blue", "Captain Black", "Omega" и "Max 7"  маркаларындағы  295 қорап темекі бұйымы табылды деп жазылған хабарламада.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 214 бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу