ШҚО-да туғандардан көшкендердің саны көп

698

Өңірден 12870 адам көшсе, 7652 нәресте дүниеге келген.

ШҚО-да туғандардан көшкендердің саны көп

Шығыс Қазақстан облыстық статистика департаментінің дерегі бойынша, жыл басында облыс халқының саны 1 млн 378,5 мың адам болған. Яғни, 2018 жылы халық санының азаюы байқалған. Жалпы өңірден 12870 көшіп кеткен екен. Есесіне 7652 бала дүниеге келген. Осылайша тұрғындар саны 5218 адамға кеміп отыр.

"Азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарының жазбаларына сүйенсек, 2018 жылы 21,9 мың нәресте дүниеге келіп, 14,2 мың адам қайтыс болды. Туғандардан басым бөлігі қазақтар - 75%, орыстар – 21%, немістер – 1,2%, татарлар – 1%, украиндер – 0,3%", – делінген  статистикалық деректе.

Статистика өлім деректерінің көбі осы өңірге тән аурулардан болғанын айтады.

"Қайтыс болғандар санынан қазақтардың үлесі – 37,4%, орыстар – 54,6%, украиндер – 2,3%, татарлар – 1,9%, немістер – 1,7%. Өлімнің негізгі себебі қан айналымы жүйесінің аурулары, екінші орында – онкологиялық аурулар, үшінші орында – тыныс алу мүшелерінің аурулары болса, төртінші орында – жазатайым оқиғалар, улану мен жарақаттану тұр" - делінген департаменттің ақпаратында.

Өткен жылы облыста 1 жасқа толмаған 175 нәресте шетінеген. Негізгі себептері  – перинаталды кезеңде пайда болған жағдайлар (49,7%), туа біткен ауытқулар (18,9%), тыныс алу органдарының аурулары (10,3%) және жазатайым оқиғалар, улану мен жарақаттанулар (5,7%).

Ботақара Есжан

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу