ШҚО-да тұрақтандыру қорының сатылмаған 5 мың тоннадан астам өнімі бар

848

Енді көкөністердің келісі 30 теңгеден сатылатын болды. 

ШҚО-да тұрақтандыру қорының сатылмаған 5 мың тоннадан астам өнімі бар

Өскемен мен Семейде тұрақтандыру қорындағы көкөніс өнімдерінің келісі 30 теңгеден сатылатын болды. Оған қордағы 5 мың тоннадан астам өнімнің әлі сатылмағаны себеп болып отыр, деп хабарлайды altaynews.kz.

Аймақта Ресей, Қытай және Қазақстанның басқа да өңірлерінен әкелінген көкөністер саудаланатын болғандықтан, тұрақтандыру қорының өнімі сатылмай қалыпты. Картоп, сәбіз, орамжапырақ пен пияздың әр келісіне қазына 59 теңгеден төлеген. Сол себепті "Ертiс" ӘКК енді олардың келісін 30 теңгеден саудалауға бел буды. Баға жақын арада арзандайды.

Айта кетсек, тұрақтандыру қорының өнімдері Өскеменде 117 сауда орнында сатылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу