Шығыс Қазақстан облысында 2011 жылдан бері терможаңғырту бағдарламасына республикалық бюджеттен 2 миллиард 500 млн теңге бөлінген. Нәтижесінде 268 көпқабатты үй жөнделген. Алайда бүгінге дейін жұмсалған қаржының тең жартысы ғана қайтарылған, деп хабарлайды 24.kz.
Ал аймақта былтырдан бері жиырмаға жуық үйге жөндеу басталғанымен, қаржы тапшылығынан әлі аяқталмай отыр.
Терможаңғырту. Бұл бағдарламаның арқасында соңғы 5-6 жылда талай үй жаңғырды.
Өскемендегі көпқабатты баспаналардың 70 пайызы тозып тұр. Бір үйді жөндеу үшін аз дегенде 20 миллион теңге қажет. Мұндай қаржыны тұрғындар бір жолда тауып бере алмайды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу