ШҚО-да тұрғындарды балағаттаған ауыл әкімі лауазымын сақтап қалды

68

Ауыл әкімі айыппұл да төлеген.

ШҚО-да тұрғындарды балағаттаған ауыл әкімі лауазымын сақтап қалды Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов тұрғындарды балағаттаған Шілікті ауылының әкіміне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер: "Бейәдеп сөз айтқан ауыл әкімі жұмыстан қуылды ма?" деп сұрады.

"Шілікті ауылының әкімі жұмыстан қуылған жоқ. Ол әкім сол оқиғадан екі ай бұрын халықтың сайлауымен өткен әкім. Этика бойынша тиісті құзырлы комиссия бізге ұсыныстар жолдады. Біз оған қатаң сөгіс бердік", – деді өңір әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

ШҚО басшысы сол ауданның әкімі де жауапкершілікке тартылғанын жеткізді.

"Біз, мемлекеттік қызметкер ретінде, ауыр шоқпарды белге байлағаннан кейін кез келген жағдайда мемлекеттік қызметкердің этикасына сай болуымыз керек. Барлық мемлекеттік қызметкерге қатаң ескерту жеткізілді. Мұндай мәселені қайталамайды деп ойлаймыз", – деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов. 

Оның сөзінше, ауыл әкімі бейәдеп сөз айтқаны үшін айыппұл да төлеген. 

Айта кету керек, бұған дейін Зайсан ауданына қарасты Шілікті ауылдық округінің әкімі Қуаныш Төлеухан тұрғындарды балағаттағаны туралы ақпарат желіде тарағанын жазғанбыз. Кейін әкім халықтан кешірім сұраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу