ШҚО-да тұрғындарды қорқытып, кредит рәсімдеткен күдіктілер ұсталды

1597

Олардың кінәсі сотта дәлелденсе, 3-7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ШҚО-да тұрғындарды қорқытып, кредит рәсімдеткен күдіктілер ұсталды

Өскеменде полиция қызметкерлері ақша бопсалаумен айналысқан топты ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Топтың құрамында 19, 21, 22 жастағы үш жігіт болған. 

Облыстық Криминалдық полиция басқармасының дерегінше, олар бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 

2021 жылғы қарашада 2 жігіт танысын қорқытып, оның атына қымбат смартфонды кредитке рәсімдеткен. Қымбат ұялы телефон Өскемендегі сауда үйлерінің бірінен алынған. Жәбірленушіге 500 мың теңге көлемінде шығын келген.

"2022 жылы олар қатарына үшінші адамды қосып, тағы қылмыс жасаған. Олар жолда кездейсоқ өтіп бара жатқан адам ұстап, оған 310 мың теңге көлемінде кредит алғызған. Кейін күдіктілер жәбірленушіні қорқытып, оның атына тағы 150 мың теңге тұратын ұялы телефон несиеге рәсімдеткен", – деп жазылған хабарламада.

Биыл қаңтардың соңында олар Өскеменде тұратын таныстарынан 30 мың теңге ақша алған. 

"Сонымен қатар жәбірленуші өз атына несиеге телефон рәсімдеп, оны күдіктілерге берген. Осылайша, жәбірленушіге 200 мың теңге көлемінде шығын келген", – деп жазылған хабарламада.

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ақша бопсалаумен айналысқан топты ұстады.

"Бұл деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы 2-бөлігі ("Қорқытып алу") бойынша қылмыстық іс қозғалған. Егер ұсталғандардың айыбы сотта дәлелденсе, олар 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", – деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу