ШҚО-да туристерге арналған мобильді қосымша іске қосылды

682

ШҚО-да туристерге арналған мобильді қосымша іске қосылды

Облыс әкімдігінің қолдауымен туристер үшін бес тілде "сөйлейтін" қосымша әзірленді. Бұл "Цифрлық Қазақстан" жобасы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

"Тарихи жол" деп аталатын қосымшадан еліміздегі киелі орындар туралы ақпараттарды алуға болады.

"Тарихи жол" қосымшасын туристік гид ретінде де қолдануға болады. Себебі бұл қосымша еліміздегі барлық нысанның қай аумақта орналасқанын өте жақсы біледі. Онда қажетті ақпараттар қазақ, орыс, ағылшын,түрік, қытай тілдерінде берілген. Аталмыш қосымшаны әзірлеген компанияның өкілі Айбек Әлмұхамбетовтің айтуынша, туристер қосымшаны интернеті жоқ елдімекендерде де офлайн режимде пайдалана алады.

Айта кетейік, жүйеде бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда орналасқан қырықтан астам нысан цифрландырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу