ШҚО-да түрмеден қашқан сотталған азамат басқа облыстан ұсталды

438

Шығыс Қазақстан облысында жазасын өтеп жүрген ер адам түзету мекемесіне қайта оралмай, басқа өңірге кетіп қалған. Кейін ол Жетісу облысында қолға түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

ШҚО-да түрмеден қашқан сотталған азамат басқа облыстан ұсталды Фото: ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, алаяқтық жасағаны үшін сотталған азаматқа мекеме аумағынан тыс жерде жұмыс істеуге рұқсат берілген.

Алайда таңертең жұмысқа шыққаннан кейін белгіленген уақытта түзету мекемесіне қайтпаған.

№24 ең төменгі қауіпсіздік мекемесі қызметкерлері ер адамның жоғын анықтағаннан кейін бірден іздестіру жұмыстарын бастаған. Бес сағат ішінде оның қозғалыс бағыты анықталып, Жетісу облысының полиция қызметкерлерімен бірлескен операция нәтижесінде ұсталды.

Қазір сотталған азаматтың жазасын өтеуден жалтару фактісі бойынша тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу