ШҚО-да үйлері суда қалған тұрғындарға уақытша баспана берілді

859

Өңірдегі құтқарушылар күннің жылынып, қардың еруіне байланысты күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

ШҚО-да үйлері суда қалған тұрғындарға уақытша баспана берілді

Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдар қызыл судың астында қалды, деп хабарлайды Atameken Business.

Қарғын су 13 аула мен 2 үйді шайып кеткен. Табиғи апаттан зардап шеккендерге уақытша баспана беріліпті. Арнайы техниканың көмегімен 25 мың текше метрден астам су сорылыпты. Қазір тиісті жұмыстар жалғасып жатыр.

Өңірдегі құтқарушылар күннің жылынып, қардың еруіне байланысты күшейтілген жұмыс режиміне көшті.

Өткен жылы да аймақта осындай жағдай тіркелген еді. Былтыр су тасқыны наурызда басталған болатын. Тіпті, облыста төтенше жағдай жарияланды. Облыс Әкімі Даниал Ахметов судың тасуынан, алдын ала есепке сай, облысқа 3 миллиард 200 миллион теңге шығын келгенін хабарлады.

Мамыр айының басында үкімет Шығыс Қазақстан облысындағы тұрғын үйлерді қалыпқа келтіру үшін 1,2 миллиард теңге бөлуді тапсырған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу