ШҚО-да ұстаздардың іссапарына 5 млн теңге толық төленбеген

797

ШҚО-да ұстаздардың іссапарына 5 млн теңге толық төленбеген

2017 жылы Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданынан қызмет бабымен іссапарға шыққан ұстаздардың қаржысы толық төленбеген, деп хабарлайды 24kz.

Бұл сома 5 миллион теңгені құрайды. Зырян ауданынан Өскемен қаласына кәсіби біліктілігін арттыру үшін 48 мұғалім барған . Алайда аудандық білім бөлімі оларға тек жолақы мен тамаққа ғана қаржы бөлген. Ал ұстаздар облыс орталығында бір айға жуық өз ақшасына пәтер жалдап тұрған. Іссапар аяқталған соң олар облыстық прокуратураға шағымданыпты.

"Тек қана прокуратураның араласуынан кейін аудандық әкімшілік, білім бөлімі аталған соманы толық төлеп, қазіргі таңда аталған ұстаздар алдында қарыз жоқ", – деді облыстық прокуратураның аға прокуроры Айдос Тұрсынов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу