ШҚО-да ұзындығы 500 шақырым иесіз электр желісі сенімгерлік басқаруға беріледі

920

Бес жүз шақырымдық иесіз электр желісінің құжаттамасы қалпына келтіріп, облыстық энергетикалық компанияның сенімгерлік басқаруына береді, деп хабарлайды  inbusiness.kz аймақ әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ШҚО-да ұзындығы 500 шақырым иесіз электр желісі сенімгерлік басқаруға беріледі

Облыс басшысы Даниал Ахметов аймақтың айтуынша, энергетикалық қауіпсіздік мәселелерін шешудің кешенді жоспарына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар жаңа электр желілерін тартып, ескісін қайта жаңғырту жұмыстарын кезең-кезеңімен жүргізіп жатыр. Ең алдымен елдімекендердегі халықтың тұрмысына тікелей қатысты желілер түгенделіп, тексеріледі.

Сонымен қатар, аймақта ұзындығы 500 шақырымнан асатын иесіз желілердің мәселесі шешілуде. Иесіз желілердің 494 шақырымын облыстық энергетикалық компанияның сенімгерлік басқаруына беру үшін заңдық база дайындлған. Ал қалған иесіз желілерге арналған құжаттама оларды қалпына келтіру құнын есептеу жұмысымен қатар дайындалатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу