ШҚО-да ветеринарлық анықтама берілмегендіктен кәсіпорын жабылған

112

Жыл басынан бері прокурорлық шаралар нәтижесінде 1266 кәсіпкердің құқығы қорғалды.  

ШҚО-да ветеринарлық анықтама берілмегендіктен кәсіпорын жабылған Фото: agroinfo.kz

Өңірде инвесторларды қолдау және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша прокуратураның жүйелі жұмысы жалғасып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ал, бизнеске қатысты 2 жүйелі мәселе шешілді және 11 инвесторға қолдау көрсетілді.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 173-бабы бойынша 2 лауазымды тұлға жауаптылыққа тартылып отыр.

Бизнеспен ашық диалогты қамтамасыз ету мақсатында прокуратура "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, кәсіпкерлердің қатысуымен 42 кездесу өткізді.

Сондай мысалдардың бірі – "Алтайская Форель" ЖШС-не қатысты жағдай. Кәсіпкерге балықты тасымалдау үшін қажетті ветеринарлық анықтама бірнеше рет берілмей келген. Бұған себеп – заңнамада көзделмеген, балықтың шығу тегі туралы құжатты талап ету болған. Бұл талап кәсіпорын жұмысының тоқтауына әкелген.

Прокуратураның араласуынан кейін кәсіпкердің құқығы қалпына келтірілді – анықтама берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу