"Өңірде тіркелген көлік санына және берілген жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері мен жүргізуші куәліктеріне тұрақты негізде талдау жүргіземіз", – деп хабарлайды мамандар.
Статистикаға сәйкес, облыста 371 436 көлік құралы бар. Оның ішінде жеке тұлғаларға – 335 936 көлік құралы, ал заңды тұлғаларға 35 500 көлік құралдары тіркелген. 6 248 көлік құралы есептен шығарылған.
"Жалпы соммасы 242 755 657 теңгеге жоғары сұранысқа ие 923 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері берілді", – деп жазылған ресми хабарда.