ШҚО-да заңсыз еңбек еткен 18 шетелдік анықталып, жетеуі елден шығарылды

105

Олардың кейбірі бұған дейін де осындай құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілікке тартылған.    

ШҚО-да заңсыз еңбек еткен 18 шетелдік анықталып, жетеуі елден шығарылды Фото: Мұрағат/ustinka.kz

"Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көші-қон қызметінің қызметкерлері уақытша және тұрақты тұратын шетелдік азаматтардың тіркеу мекенжайларын, сондай-ақ қабылдаушы тұлғалардың олардың келуі туралы хабарламаларының болуын тексеріп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өскеменде жүргізілген рейдтік іс-шара барысында бір күннің өзінде ҚР аумағында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 18 шетелдік азамат анықталды.

10 наурыз күні мекенжайлардың бірін тексеру кезінде полиция қызметкерлері уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмыс істеген әрі уақытша тұруға рұқсаты жоқ көршілес мемлекеттің азаматтарын анықтады.

– Көші-қон заңнамасын қайталап бұзғаны үшін 7 шетелдік азамат Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оларға ел аумағына бес жыл мерзімге кіруге тыйым салынды. Сонымен қатар жұмыс беруші де жауапкершілікке тартылып, мемлекет пайдасына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі, – дейді ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу