ШҚО-да заңсыз еңбек еткен 3 шетел азаматы ұсталды

414

Оладың уәкілетті орган беретін тиісті рұқсат құжаттары болмаған.

ШҚО-да заңсыз еңбек еткен 3 шетел азаматы ұсталды

Көші-қон қызметінің қызметкерлері "Учаске" ЖПІШ аясында рейдтік іс-шараларды өткізу барысында еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырған Моңғолияның 3 азаматын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, шетелдік азаматтар мамыр айында келген, алайда оладың уәкілетті орган беретін тиісті рұқсат құжаттары болмаған.

Ұлан аудандық сотының шешімімен Моңғолияның үш азаматы да 5 жыл мерзімге Қазақстан Республикасынан шығарылды.

Айта кету керек, ЖПІШ кезеңінде Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 50-ден астам шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 5-уі ел аумағынан шығарылған. 

Көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда, яғни заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны және елде рұқсатсыз тұрғаны үшін шетелдік азаматтар, сондай-ақ оларды қабылдаған жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу