ШҚО-да заңсыз кен өндіріп, 1 миллиард теңгеден астам пайда тапқан кәсіпкер сотталды

317

Тергеу мәліметінше, серіктестікке берілген лицензия тек қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған.    

ШҚО-да заңсыз кен өндіріп, 1 миллиард теңгеден астам пайда тапқан кәсіпкер сотталды Фото: Видеодан скриншот

Алайда күдікті зертханалық және технологиялық зерттеу деген желеуді жамылып, темір кені мен темір кені концентратын өнеркәсіптік көлемде өндіріп, оны кейін Қазақстанда және шетелде сатқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстан облысында "AK Metal" компаниясының басшысы Д.К. Бектеміров заңсыз кен өндіргені үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды. Айыпталушы жалпы көлемі 70 мың тоннадан астам өнімді заңсыз өндіріп, сатқан. Осы қылмыстық жолмен түскен табыс 1 миллиард теңгеден асқан.

Сотталған азамат бұл қаражатқа қымбат активтер сатып үлгерген: атап айтқанда, Land Rover автокөлігі, 5 бөлмелі пәтер, үш коммерциялық үй-жай, 2 тұрақ орны, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысындағы 2 жер учаскесі тәркілеуге ілікті.

Сот шешімімен құны 1 миллиард теңгеден асатын барлық бұл мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу