ШҚО-да заңсыз қоқыс орындарының 87%-ы жойылды. Бұл туралы Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Рамазанов мәлімдеді, деп хабарлайды altaynews.kz.
2020 жылы "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ ұсынған ғарыштық мониторинг деректері бойынша ШҚО-да 569 стихиялық қоқыс орны анықталды.
"Біздің басқарма Экология департаментімен бірлесіп қоқыс тастайтын жерлерді жою кестесін әзірлеп, бекітті. Қала және аудан әкімдіктерінің көмегінің арқасында бүгінгі күні 497 рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылды. Бұдан басқа, Өскемен және Семей қалаларында заманауи қоқыс өңдеу зауыттарын салу мәселесі қарастырылуда. ҚТҚ жою бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде", - дейді Нұрлан Рамазанов.