ШҚО-да заңсыз сақталған 101 қару өткізілді

632

ШҚО-да заңсыз сақталған 101 қару өткізілді

"Қару" акциясына шығысқазақстандықтар белсенді қатысып жатыр. Заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрі үшін қазынадан 10 млн теңге бөлінген. Оның жартысынан астамы игерілді, деп хабарлайды 24.kz.

Өткен жылы бұл мақсатқа 15 млн теңге бөлініп, халықтан 298 ату құралдары қабылданған болатын. Мамандардың айтуынша, шараның қылмыс санын азайтуда пайдасы зор.

"Ал заңдастырылған қаруларды полицияға өткізіп немесе қажет кезде өтініш жазу арқылы қайтарып алуға болады", – дейді сақшылар.

Әзірге "Қару" науқанына қатысып жатқан семейліктер мен бірқатар аудан тұрғындары белсенділік танытуда.

"Бүгінгі күнде 101 заңсыз сақталған қару өткізілді. 44-і – оқ-дәрі. Қазіргі уақытта белсенді қатысып жатқан аудан – Күршім ауданы. Бүгінгі күнде 25 заңсыз сақталған қару өткізілді", - дейді облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының бөлім бастығы Бақыт Қайролдин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу