Бұқтырма су қоймасында екі балықшы құтқарылды, деп жазады inbusiness.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Бұқтырма су қоймасы Славянка ауылы маңында екі адам резеңке қайықпен балық аулауға шығып, желдің күшімен жағадан алыстап кеткен. Құтқарушылар моторлы қайықпен оларды балық аулауға шыққан жерден 4 шақырым қашықтықтан тауып алды", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдай департамент мамандары суда қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін айтады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу