ШҚО-да жағажайды жөндеу жұмысы әлі басталған жоқ

576

Шығыс Қазақстан облысы екіге бөлінген кезде Алакөлдің жағасы Абай облысының еншісіне берілді.

ШҚО-да жағажайды жөндеу жұмысы әлі басталған жоқ Фото: Ашық дереккөзден

Еліміз бойынша ең көп демалушы келетін жағажай бұрын бұл облыстың қазынасына әжептәуір қаржы қосатын еді. Енді облыстағы осы салаға жауаптылар Бұқтырманың жағасын жайнатпақ ниетте. Бұл туралы өңір әкімі Даниал Ахметов бұған дейін айтып, жұмыс жоспарларымен де бөліскен. Бірақ қазір жағдай басқаша. Су жағасындағылар туристерден бұрын, алдымен Бұқтырма кентіндегі тұрғындардың мәселесі шешілсе екен дейді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Бұқтырма су қоймасының жағасында жаз айларында жылда адам қарасы көп. Облыстан Алакөлге көңіл бөлінгендей назар аударылмаса да мұндағы кәсіпкерлер өз шама-шарқынша демалушыларға қызмет көрсетіп келді. Алайда, биыл бұл жағажай да адам танымастай өзгереді деген әңгіме айтылды. Бірақ әлі күнге дейін өзгеріс жоқ. Қайта керісінше, қоқысқа толып, су жағасы тозып барады, дейді мұндағылар.

Ауыл әкімі 90 демалыс базасы ғана ресми тіркелгенін айтты. Салықтан жалтару үшін жасырын қызмет көрсететін кәсіпкерлер де бар екен. Сондықтан қолымызда бар қаражатқа сай қимылдап жатырмыз  деді.

Ал тұрғындары алдымен ауыл іші жөнделгенін қалайды. Кент іші әлі сол тоқсаныншы жылдардағы кейіпте екенін айтып налыды.

Былтыр жазда мұнда 300 мың адам келіп демалған. Жағажай жөнделсе келушілер саны екі есеге өседі деген болжам бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу