ШҚО-да жаңа әуе бағыттары ашылады

1015

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде 2019 жылы субсидияланатын маршруттар тізімі бекітілді.

ШҚО-да жаңа әуе бағыттары ашылады

Сондай-ақ оларды іске асыратын авиакомпаниялар да таңдалды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Биылғы жылы SCAT авиакомпаниясы Өскемен–Қарағанды–Өскемен әуерейсін жүргізеді, билет құны бір бағытқа 20 мың теңгені құрайды.

Жеңімпаз атанған компаниялардың бірі – "Южное небо". Аталмыш компанияның ұшақтары келесі бағыттар бойынша ұшады:

Астана – Үржар – Астана: бір бағытқа – 16 мың теңге;
Үржар – Алматы – Үржар: бір бағытқа – 14 мың теңге (аптасына төрт реттен кем ұшпайды);
Өскемен – Семей: бір бағытқа – 4000 теңге (аптасына екі реттен кем емес);
Өскемен – Үржар: бір бағытқа – 10 мың теңге (аптасына екі реттен кем емес);
Семей – Үржар: – 10 мың теңге (аптасына екі реттен кем емес);
Өскемен – Зайсан – Өскемен: бір бағытқа – 8000 теңге (аптасына екі реттен кем емес).

Шығыс Қазақстандағы Үржар қазіргі уақытта ең танымал бағыттардың бірі болып саналады, себебі жақын жерде Алакөл орналасқан.

Айта кетерлігі, биылғы жылы облыстық билік Үржар әуежайын қайта жаңартуды бастауға уәде берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу