ШҚО-да жаңа туған нәресте тікұшақпен ауруханаға жеткізілді

182

Баланың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. 

ШҚО-да жаңа туған нәресте тікұшақпен ауруханаға жеткізілді Фото: ШҚО әкімдігі

Бүгін санавиация дәрігерлері Абай облысы аумағында қалып қалған тарбағатайлық жас ана мен жаңа туған нәрестені облыс орталығына ауруханаға жеткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне сілтеме жасап. 

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасында мәлімдегендей, 2002 ж.т. Тарбағатай ауданының тұрғыны жуырда Өскемен қаласынан таксимен жолға шыққан. Алайда су деңгейі көтеріліп, жол жабылғандықтан, Абай облысы Көкпекті ауданы Тассай ауылында қалып қойған. Өзін жайсыз сезініп, денсаулығына алаңдағандықтан, дәрігерлерге жүгінген.

Бүгін таңғы уақытта жас ана мен нәресте тікұшақпен Өскеменге жеткізіліп, облыстық аурухананың гинекология бөліміне жатқызылды. Ал нәресте Ана мен бала орталығында дәрігерлер бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу