ШҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңірде жанар-жағармай бағасының күрт қымбаттауына және қолдан тапшылық жасалуына жол бермес үшін бақылау күшейтілген.
"Бағаны тұрақтандыру және біркелкі ету, халықтың арыз-шағымдарына бірден жауап беру мақсатында жұмыс тобы құрылды. Мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлерге Энергетика министрінің күшіне енген бұйрығының негізгі ережелері түсіндіріліп жатыр, онда мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің жаңа бағалары жазылған", - делінген ақпаратта.
Азаматтар жанар-жағармай бағасының негізсіз қымбаттауына шағымдана алуы үшін Instagram әлеуметтік желісінде @dervko_monitoring_gsm аккаунты ашылған. Сонда жазылған әр арыз бойынша толыққанды тексеру жұмыстары жүргізілмек.