ШҚО-да жаппай төбелес болды

1254

Шығыс Қазақстан облысы Шар қаласында жаппай төбелес болды. Оған қатысты облыстық Полиция департаменті ресми хабар таратты, деп жазады inbusiness.kz. 

ШҚО-да жаппай төбелес болды

Әлеуметтік желіде тараған видеодан қолына таяқ ұстаған бір топ адамды көруге болады.

"Аталған факті бойынша 23 қарашада ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның нәтижелері бойынша тиісті процестік шешім қабылданатын болады. Зиян келтіру және дене жарақатын салу туралы өтініштер түскен жоқ. Қылмыстық істі тергеу және болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау Департамент басшылығының ерекше бақылауына алынды", – деп жазылған полиция ақпарында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу