ШҚО-да жас кәсіпкер студенттерге тайм-менеджмент шарттарын үйретті

1127

Өскемендік табысты кәсіпкер Аңсар Ешенбаев "Білім беру мекемелерінде кәсіпкерлік қызмет негіздері" жобасы шеңберінде жастарды тайм-менеджментке оқытуда. 

ШҚО-да жас кәсіпкер студенттерге тайм-менеджмент шарттарын үйретті

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің №7 оқу корпусында "Mr Grey" жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі, барбершоп желілері, сондай-ақ бөдене шаруашылығының иесі Аңсар Ешенбаев 3-4 курс студенттеріне "SMART тайм-менеджмент" дәрісін өткізді, деп хабарлайды atameken.kz/.

Кәсіпкер өзінің кәсіпкерліктегі табыс жолын айтты, қандай кедеріглер болғанын, қандай қателіктер жасалғанын әңгімеледі.

"Мен дәл сіздер сияқты дәрістер тыңдадым, бизнес-жоспарлар жаздым, ал қазір сол бизнес-жоспарларды іске асырудамын. Қазақстанда қандай негізгі қателік жасалады? Егер бізде ақша болса – біз оны бір іске саламыз, бизнеске, осы ретте біз оны толық есептемейміз, бизнес-жоспарлар жазбаймыз. (...) Мен бизнеске келгенімде "ақшаны күректеп табамын" деп ойладым, бірақ бәрі ойлағандай емес екен. Старт кезіндегі басты қателігім – бизнес-жоспар жазбағаным, ешқандай принципті ұстанбағым, болжам жасамағаным болды. Мен адамдар өздері маған келіп шаш қияды да ақша жинап отырамын деп ойладым. Іс жүзінде олай емес. Егер сізде мүмкіндік болса, егер сізге көмектессе – бизнес-жоспар жазыңыздар!", – деді кәсіпкер.   

Аудиторияны тайм-менеджментпен таныстыру мақсатында Аңсар Берікұлы кері байланысты жолға қойды, студенттерге тапсырмалар беріп, қызықты жаттығулар жасатты. Ол кез-келген салада жоғары нәтижеге жету үшін жүйелі іс-қимылдардың әдісі мен жүйесін атады, жастардың бизнеске деген қызығушылығын оятып, өз тәжірибесінен көптеген мысалдар келтірді.

Қатысушылар Аңсар Ешенбаевқа көп сұрақ қойды, пікір-таласқа белсенді қатысты. Олар мақсат қоюдағы мәселелерді талқылады, бизнесменнен маңсаптық өсу стратегиясы бойынша ұсынымдар, жоғары нәтижеге жету бойынша ұсынымдар алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу