ШҚО-да жасанды көшкін жүреді

962

Теміржолшылар қолдан көшкін жүргізуге мәжбүр.

ШҚО-да жасанды көшкін жүреді

Шығыс Қазақстанның таулы аймақтарымен өтетін теміржол бөліктерінде көшкін қаупі туындап тұр. Мұндай хабарды  "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі таратып отыр.  Теміржолшылар қауіпті учаскелерде қар көбесін сөгетін жаралыстар жүргізбекші. Жасанды көшкіннің бірінші легі Өскемен мен Алтай қаласының арасын жалғап жатқан  Тұрғысын–Заводинка өтпесінде жүргізілмек. 

"Шығыс Қазақстанда қаңтар бойы боран соқты. Соның зардабы енді біліне бастайды. Күн сәл жылынса, нығыздалған қар кез келген уақытта етекке құлауы мүмкін. Бұл пойыз қозғалысына қауіп туғызады. Сондықтан біз пойыз жоқ кезде қар көбесін сөгу үшін жасанды көшкін жүргіземіз", – дейді Серебрянск жол жол дистанциясының бастығы Фархат Белгібаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу