ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

460

Шығыс Қазақстан облысында тауда жарылыс жасалып, 3900 текше метр қар түсірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ШҚО-да жасанды жолмен қар көшкіні түсірілді

"Құтқарушылар мен "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары "Өскемен-Алтай" тасжолының 58-66 шақырымында профилактикалық мақсатта қар көшкінін түсірді. Тау бөктерінде 2 жарылыс жасалып, нәтижесінде 3900 текше метр қар түсті", - делінген ақпаратта.

Айта кетсек, облыс бойынша қыс мезгілінің басынан бері барлығы 244 060 текше метр қар түсірілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу