ШҚО-ның Күршім ауданында плотина жарылып, бірнеше ауыл сусыз қалды (Видео)

4388

Күршім ауданында плотинаның жарылуы қарбыз егетін үш ауылдың халқына ауыр тиіп тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ШҚО-ның Күршім ауданында плотина жарылып, бірнеше ауыл сусыз қалды (Видео)

Күршім ауданынан хабарласқан тұрғындардың айтуынша, биыл қар жылдағыдан аз түскен. Сол себепті каналдарға мардымды су жиналмаған да көрінеді. Жығылғанға жұдырық боп, Көмей деген жердегі дамбының жарылуы да ауыл шаруашылығымен күн көретін Бірлік, Сарыөлең және Барақ батыр ауылдары үшін қауіп төндіріп тұр. Осының салдарынан Жауғашты каналына су көтерілмей қалған. Ауыл халқына қажетті су 25 шақырым жердегі Ертіске құйып жатыр. 

"Су Көмей деген жерден келеді. Содан бері қарай шлюз арқылы Жауғашты деген каналға жетеді. Мыңдаған гектар жердегі егістік, қарбыз, шабындық, жоңышқа – бәріне су жетпей жатыр. Үйде бақша егетін ауылдастарымызға да қиын болды. Каналдан бірнеше шлюзбен су тұрақты түрде келіп тұратын. Енді елге су жетпей жатыр", – дейді Сарыөлең ауылының тұрғындары.

2000 жылдардың басында Италиядан келген инвесторлар дамбыны жөндеген көрінеді. Алайда бұл күнде каналдың тозығы жеткен. Жылда жергілікті тұрғындар өз күшімен дамбыны бітеп әлек болады. Каналдың басында дәл қазір бір ғана погрузчик жүр. Бірақ суды бітеуге оның күші жетпейді. 

"Бұған бірді-екілі техниканың бұған шамасы келмейді. Үш ауылдың халқы көмек сұраймыз. Мәселені үш ауыл болып шеше алмай жатырмыз", - дейді тұрғындар.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу