Шығыс Қазақстан облысында жеке тұрғын үйден өрт шығып, әйел адам қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, 9 ақпан сағат 03:52 шамасында Глубокое ауданына қарасты Белоусовка кентіндегі Свердлов көшесінде өрт болды.
Оқиға орнына жеткен мамандар жеке тұрғын үйде шатырдың ағаш құрылымдары, төбе жабындары, терезе және есік блоктары, тұрмыстық техника, сондай-ақ жеке заттар өртеніп жатқанын анықтады.
1992 жылы туған үй иесін орташа дәрежеде термиялық күйік шалып, ауруханаға жансақтау бөлімшесіне жеткізілді.
"Таңертең ерте оянған ер адам өртті байқап, баласын жанып жатқан үйден шығарып үлгерді. Өрт болған жерге оралып, әйелін іздеу үшін ашық жалынға оралған үйге кірді. Бірақ ер адамның денесін күйік шалып, отқа оранған үйден шығып үлгерді. Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар үй ішінен 1995 жылы туған әйелдің денесін тапты", - делінген облыстық ТЖД таратқан ақпаратта.
Өрт сөндірушілер 70 шаршы метр аумақты қамтыған өртті сөндірді. Тілсіз жалынмен күресуге жеке құрамның 12 адамы және 3 бірлік техника жұмылдырылды.
"Өрттің алдын ала себептеріне отпен абайсыз жұмыс істеу, электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау жатады", - деп қорытындылады департамент.