ШҚО-да жетім балалар саны көп

1439

ШҚО-да өзге өңірлермен салыстырғанда балалар үйін паналап қалған бүлдіршіндер саны әлдеқайда көп, деп хабарлайды inbusiness.kz  Алтайньюс-ке сілтеме жасап.

ШҚО-да жетім балалар саны көп

Бұл туралы аймақтың коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында бала асырап алу жөніндегі Ұлттық агенттіктің ШҚО бойынша өңірлік директоры Жанайым Жұмаділова айтты.

Бүгінгі таңда облыста жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 13 мекеме жұмыс істейді. Ол жерлерде 800-ден астам бала тұрып жатыр.

"Қазір бала асырап алу рәсімі автоматтандырылды. Барлық құжаттарды Egov арқылы тапсыруға болады. Асырап алушы ата-ана болу үшін міндетті түрде асырап алушы ата-аналар мектебінен өту керек. Мектептен өткендігі туралы сертификат алғаннан кейін үміткер құжаттарды тапсыра алады. Осыдан кейін оған жетім балалардың республикалық деректер банкіне қолжетімділік ашылады, онда адам бүкіл Қазақстан бойынша бала іздей алады", – деп қосты Жанайым Жұмаділова.

Бала асырап алу агенттігінің барлық қызметтері азаматтарға тегін көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу