ШҚО-да жол жөндеуге 83,6 миллиард теңге бөлінеді

857

ШҚО-да жол жөндеуге 83,6 миллиард теңге бөлінеді

Биыл Алматы – Өскемен, Семей – Қалбатау – Майқапшағай жолдарының құрылысы басталады. Ал, Бұқтырма су қоймасы арқылы салынатын көпірдің құжаты әзір, қазір демеушілермен келіссөз жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды altaynews.kz. 
ШҚО-да жол жөндеуге жыл сайын қомақты қаржы жұмсалады, осы жылға 83,6 миллиард теңге көзделіп отыр. 
Құрылыс саласын дамыту бойынша аймақ басшысы жыл сайын пайдалануға берілетін баспана көлемі 1 миллион шаршы метрге дейін жетуге тиіс деп міндет қойып отыр. Ауызсумен қамту жобаларын Көкпекті, Жарма және Ұлан аудандарында үдету тапсырылды. Өйткені, нақ осы аудандарда халықтың таза сумен қамтылу деңгейі төмен. Газдандыру жұмыстары Үржар, Зайсан, Тарбағатай аудандарында қарқынды жүргізілмек. Ол үшін Қытай тарапымен жасалған келісімдерге өзгеріс енгізілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу