Шығыс Қазақстан облысында "Өскемен – Алматы" жолының бойында қар құрсауында қалған 90 көліктен 150 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Шығыс Қазақстан облысында кешкі сағат 20:00-де қарда тұрып қалған көліктер кептелісінен 150 адам эвакуацияланды. Аталмыш учаскеге жақын Таскескен ауылының тұрғындары жеке көліктерімен азаматтарды қауіпті тұстан алып кетіп жатыр", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, облыс әкімдігінде штаб құрылды.
"Өскемен қаласынан аталмыш учаскеге жол таңдамайтын 7 көлікпен ШӨАЖҚО құтқарушылары аттанды. Сонымен қатар, қар құрсауында қалған көліктерін тастап кетуден бас тартқан азаматтар азық-түлікпен қамтамасыз етіледі", – делінген хабарламада.