ШҚО-да жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кетті

1134

3 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысының Өскемен – Қүмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кеткен.

ШҚО-да жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кетті

ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, руда тиелген екі вагон Ресейге, ал шлак тиелген тағы 16 вагон "КазцинкТемірТранс" ЖШС-ға тиесілі.

"Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жолаушы және жүк пойыздарының кідірісі болған жоқ. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Болған жағдайдың себеп-салдарын тексеріп-анықтау үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ басшыларынан
комиссия құрылды", – деп жазылған компания хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу