Ұлан ауданы Айыртау ауылының маңында Өскемен-Алматы тас жолының 18 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды.
42 жастағы Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі жылқыны соғып кетті.
ЖКО салдарынан жүргізуші алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмған, оның жолаушысы 68 жастағы ер адам әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жатқызылды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу