Шығыс Қазақстандағы 110 елді мекен қауіпті аумақта тұр, деп хабарлайды 24.kz.
Мамандардың айтуынша, Шемонаиха, Риддер, Күршім, Зырян, Глубокое аудандарында сел жүру қаупі бар. Себебі биыл қыс қатты болып, қар жылдағыдан екі есеге көп.
Су тасқынының алдын алу мақсатында бюджеттен 1 млрд теңге бөлінген. Бүгінге дейін таулы аймақтарда 44 жоспарлы жарылыс жасалып, 200 мың шаршы метр қар түсірілген. Өзендегі мұзды жару жұмысы да жүйелі жүргізіліп келеді.
"Біз кез-келген жағдайға дайынбыз. Билік өкілдері де барынша табиғи апаттың алдын алуға күш жұмсап жатыр. Бүгінде 490 тонна жанар-жағармай дайындадық. 15 мың текше метр инертті материалдар мен 952 мың қап әзірледік. Барлығы да су тасқыны болған жағдайда қажет болады", – дейді облыстық ТЖД ескерту бөлімінің басшысы Алексей Штыкель.