ШҚО-да ауыл іргесіндегі жолда аю жүр

357

Ауылдың дәл іргесінде жүрген аюдың видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.     

ШҚО-да ауыл іргесіндегі жолда аю жүр Фото: Видеодан скриншот

Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының тұрғындары ауыл іргесіндегі жолда аю жүргенін байқады, деп жазады inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Осыған қатысты Марқакөл ауданының әкімдігі жауап берді.

– Ақжайлау мен Ұрұнхайка ауылдарының арасындағы жолда аюдың жүруіне байланысты Марқакөл орман шаруашылығының және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері оқиға орнында тиісті жұмыс жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта аю таулы аймаққа қарай кеткен.

Сонымен қатар тәртіп сақшылары жергілікті тұрғындар мен аталған жол учаскесімен қатынайтын жүргізушілерге қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – делінген ақпаратта.

Марқакөл орман шаруашылығы қызметкерлерінің мәліметіне сәйкес, зардап шеккендер жоқ. Жағдай құзырлы органдардың бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу