Шығыс Қазақстандағы ауылда шұғыл көмекке зәру науқас Өскеменге тікұшақпен жеткізілді

194

ҚР ТЖМ тікұшағы 17 жастағы науқасты Самар ауылынан Өскеменге жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шығыс Қазақстандағы ауылда шұғыл көмекке зәру науқас Өскеменге тікұшақпен жеткізілді Фото: t.me/qr_tjm

Самар ауданының орталығында тұратын адамға шұғыл медициналық көмек қажет болды.

Науқасты Өскеменге жеткізу үшін ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" мекемесінің МИ-8 маркалы тікұшағы жұмылдырылды.

– Ұшқыштар Сергей Пинигин мен Олег Альфеев санавиацияның тәжірибелі дәрігерлері Рафаил Халитов пен Антон Волковтың сүйемелдеуімен қаладағы медициналық мекемеге одан әрі көмек көрсету үшін жедел жеткізді. Министрліктің тікұшақтары кенттердің, ауылдардың алыс қашықтағы жағдайында шұғыл медициналық көмек көрсету үшін әркез тұрақты дайындықта, – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір 17 жастағы пациентті Өскемен дәрігерлері емдеп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу